425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны бойынша жаңа тәуліктік рекорд орнады

  • 146
  • UPD: 22:10, 24.10.2020

АҚШ-та кешелі бері 84 мыңнан астам адамнан вирус анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елде күн сайын 800-дей науқас қайтыс болады. Денсаулық сақтау саласы мұндай өсімге нақты не себеп екенін айта алмай отыр. Дегенмен, санитарлық талаптарға немқұрайлы қарау және студенттердің орала бастауы вирустың таралуына түрткі болуы мүмкін екенін ескертеді.

Айта кетейік, Америкада бұған дейінгі тәуліктік рекорд 16 шілдеде тіркелген еді. Сол кезде 77 мыңнан астам азаматтан дерт анықталған. Қазір ел бойынша 8 миллионнан астам адам ауруға шалдығып, 224 мыңы көз жұмған.

Хабар 24 телеарнасы