423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Намибияда итбалықтар жағаға шығып қалды

  • 175
  • UPD: 09:36, 25.10.2020

Намибияда жеті мыңнан астам өлі итбалықтың денесі жағаға шығып қалған. Бұл туралы теңіз табиғатын қорғау жөніндегі үкіметтік емес ұйым хабарлады.

Жергілікті биологтар мұндай құбылыстың себебін әзірге түсіндіре алмай отыр. Осыған байланысты ғалымдар өлі итбалықтардан қан сынамаларын алып,  Оңтүстік Африка еліндегі зертханаға жібермек. Алдын ала нұсқа бойынша теңіз жануарлары аштықтан қырылған болуы мүмкін. Себебі бұған дейін итбалықтар қорегі саналатын балықтар үйірі Намибия суларынан кеткені хабарланған еді. Бұдан бөлек итбалықтар улы заттан өлген болуы да мүмкін деген болжам бар.

Хабар 24 телеарнасы