424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германия екінші рет локдаунға кетуі мүмкін

  • 139
  • UPD: 11:47, 25.10.2020

Германияда індеттің бірінші толқыны кезінде күніне ең көп дегенде 7 мың науқас тіркелген еді. Ал соңғы бір тәулікте елде 14 мың адамнан вирус анықталды. Егер бұл көрсеткіш 20 мыңнан асып кетсе, Германияда екінші локдаун қабылдануы мүмкін.

Дүниежүзілік медициналық қауымдастық төрағасы Франк Ульрих Монтгомери осылай санайды. Маманның пікірінше, мұндай жағдайда науқастармен қатынасқан адамдарды бақылау мүмкіндігі болмай, аурудың одан әрі таралуына тосқауыл қою қиындайды. Билік жағдайды бақылауда ұстауға тырысып келеді. Әсіресе демалыс күндері халық көп жиналатын орындарды тәртіп сақшылар мұқият қадағалайды. 

Штеффен Зайберт, Германия үкіметінің ресми өкілі:

- Көптеген қалалар мен елді мекендерде науқастар саны кұрт өсіп кетті. Сондықтан жергілікті денсаулық сақтау басқармалары олармен қатынасқан адамдарды тауып, тексеруге үлгермей жатыр. Ал бұл олардың пандемия кезіндегі басты міндеті. Алайда біз әлі де жағдайды бақылап отырмыз. Шектеуге құлақ ассақ, вирустың таралуын тоқтата аламыз.

Хабар 24 телеарнасы