424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бельгияда сақтық шаралары күшейтілді

  • 114
  • UPD: 12:03, 25.10.2020
Бельгияда сақтық шаралары күшейтілді

Коронавирусты жұқтыру саны күрт өсіп кеткендіктен Бельгияның Валлония өңірі мен Брюссельде шектеу шаралары күшейтілді.

19 қарашаға дейін ел астанасында түнгі сағат оннан таңғы алтыға дейін көшеге шығуға болмайды.

Театрлар, кинотеатрлар, мұражайлар мен көрме алаңдары жұмыс істемейді. Фитнес-орталықтар, жаттығу залдары мен сауналар да жабылды. Жоғарғы оқу орындарының барлығы қашықтан білім беруге көшті. Дүкендер тек сағат кешкі сегізге дейін жұмыс істейді. Тәртіп бұзғандарға 250 еуро айыппұл салынады. Соңғы бір аптада 11 жарым миллион халқы бар Бельгияда күн сайын шамамен 11 мыңнан астам адам вирус жұқтырады. Ал соңғы бір тәулікте 17 жарым мыңнан аса науқас тіркелді. Бұл көктемде болған ең жоғары көрсеткіштен 5 есе артық. Жалпы пандемия басталғалы елде 300 мыңға жуық адам ауырып, 10 658 науқас көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы