423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дүние жүзінде вирус жұққандар саны 42,5 миллионнан асты

  • 163
Дүние жүзінде вирус жұққандар саны 42,5 миллионнан асты

Дүниежүзінде коронавируспен ауырғандардың саны 42 жарым миллионнан асып кетті.

Джонс Хопкинс университетінің мамандары  осындай мәлімет таратты. Ауруды жұқтырғандар саны бойынша бірінші орында Америка Құрама Штаттары тұр.  Одан кейін Үндістан мен Бразилия. Ал таяуда Еуропада бұл дерттен қайтыс болғандар саны 250 мыңнан асты. Колумбияда ауруды жұқтыру деректері бір миллионға жетті. Індеттің өршуіне байланысты Грекиядағы Афин, Италиядағы Рим мен Неаполь, және Испаниядағы Валенсия қалаларында коменданттық сағат енгізілді.

Хабар 24 телеарнасы