422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Солтүстік Корея телеарнасы коронавирус тарататын шаң дауылы туралы ескертті

  • 214
  • UPD: 19:16, 25.10.2020

Солтүстік Корея мемлекеттік телеарнасы ел тұрғындарын Қытай жағынан келе жатқан сары шаң туралы ескертті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, құрамында ауыр металл бөлшектері бар бұл құмды дауыл вирусты да таратып келеді. Үкімет ең алдымен иммунитеті әлсіреген және егде жастағы адамдарға дерт жұқтыру қаупі төніп тұрғанын ескертті. Тұрғындарға үйден шықпауға, ал кәсіпорындарға ашық даладағы жұмысын барынша шектеуге нұсқау берілді. Солтүстік Корея үкіметі бұған дейін өз елі аумағында коронавирус тарамағанын талай рет мәлімдеген болатын.

Хабар 24 телеарнасы