422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Иракта үкіметке қарсы ереуілде 30 полиция қызметкері жараланды

  • 139
  • UPD: 10:12, 26.10.2020
Иракта үкіметке қарсы ереуілде 30 полиция қызметкері жараланды

Ирактың Бағдад қаласында халық Үкіметке қарсы ереуілге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиналғандар тәртіп сақшыларына қолдан жасалған граната мен тас лақтырған. Полиция өкілдері болса, наразыларды тарқату үшін көз жасаурататын газ бен суатқыштар қолданды. Ақпарат көздерінің хабарлауыша, оқиғадан 30-дан астам полиция қызметкері жараланған. Қазір шаһардың бірнеше көшесі мен көпірлері жабық.

Естеріңізге салайық, Ирактағы толқулар өткен жылдың қазан айында басталған еді. Ел тұрғындары аймақта жұмыссыздық пен сыбайлас жемқорлықтың белең алуына наразы. Ереуілдерде тіртіпсіздіктің орын алуынан шамамен 500 адам көз жұмды. Ондаған мың тұрғын түрлі жарақат алды.

Хабар 24 телеарнасы