422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Берлинде белгісіз біреулер Роберт Кох атындағы институтты өртемек болды

  • 111
  • UPD: 10:38, 26.10.2020
Берлинде белгісіз біреулер Роберт Кох атындағы институтты өртемек болды

Германияның Берлин қаласында белгісіз біреулер Роберт Кох атындағы институтты өртемек болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Белгілі болғандай, өткен түні ғимаратқа жанғыш заттар тасталғандықтан, институттың қабырғасы өртене бастаған. Абырой болғанда, тілсіз жау дер кезінде ауыздықталды. Жарақат алғандар мен адам шығыны жоқ. Полиция өкілдері қаскөйлер ізін суытып үлгергенін айтады. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу ісі басталды. Айта кетейік, бұл институт Еуропадағы жұқпалы ауруларды зерттейтін ғылыми орталықтардың бірі болып саналады.

Хабар 24 телеарнасы