424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сайлау: Америкалықтардың үштен бір бөлігі өз таңдауларын пошта арқылы жасамақ

  • 97
  • UPD: 15:25, 26.10.2020

АҚШ-та саяси науқан қызып, Нью-Йоркте ерте дауыс беру жалғасуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірнеше сағатқа созылатын кезекке қарамастан, америкалықтар өз таңдауын жасауда. Ал, қарашаның үші, яғни келесі сейсенбіде президенттік сайлау өткенімен, оның қорытындысы сол түні белгілі болмайды. Мәселен 50 штаттың бюллетеньдерін жинау әдеттегіден ұзақ уақытқа созылмақ. Сонымен қатар осы жолы пошта арқылы дауыс беретіндердің қарасы қалың. Болжам бойынша биыл 80 миллионға жуық америкалық, яғни дауыс берушілердің үштен бір бөлігі өз таңдауларын пошта арқылы жасамақ. Сол себепті дауысты жинау және санау процесі қиынға соғары анық.

Дауыс жинау комитетінің мүшесі:

- Биылғы сайлау өзгеше болайын деп тұр. Әдетте президенттік сайлау өтетін кезде біздің ауданға пошта арқылы келетін бюллетеньдердің саны 60-тан 80 мыңға дейін ғана жететін. Алайда, мына пандемияның кесірінен биыл 400 мыңға жуық бюллетень келеді деп күтудеміз. Демек, алдағы аптада атқаратын шаруа көп деген сөз.

Қазірдің өзінде 60 миллионға жуық америкалық дауыс беріпті. Сайлауалды сауалнамалардың бүгінгі қорытындысы бойынша Байден алда келе жатыр. Штат бойынша Флорида, Мичиган және Аризонада Байден 53%, ал Трамп 42% жинап отыр. Тіпті өткен сайлауда Трампқа дауыс берген штаттардың кейбірі Байденді қолдап отыр. Әлде де дауыс беруге бір аптадай уақыт бар. Висконсин мен Пенсильвания сияқты Battleground деп аталатын шешуші штаттардың өзі дауыс берудің дедлайнын ұзартып отыр.

 

Хабар 24 телеарнасы