Польша жұрты биліктің жасанды түсікке қатысты заңына қарсылығын білдіріп, ереуілге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тұрғындар Конституциялық соттың қабылдаған заңына келіспеушілігін білдірген. Құжатқа сәйкес, құрсақтағы баланың патологиясы анықталса да, әйелдерге жасанды түсік жасатуға тыйым салынған. Бұл әрекетке тек анасының өміріне қауіп төнгенде немесе зорлау фактісі болғанда ғана рұқсат етілген. Шаһар көшелеріне жиналғандар биліктің бұл саясатына көңілдері толмайтынын жеткізіп, заңның қабылдануына қарсылығын білдірді.
