422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бейрутте суретші жарылыс сынықтарынан мүсін жасап шығарды

  • 116
  • UPD: 15:15, 26.10.2020
Бейрутте суретші жарылыс сынықтарынан мүсін жасап шығарды

Бейрутте Хаят Назер есімді суретші ерекше әдіспен әйел адамның мүсінін жасап шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көздің жауын алатын туынды жойқын жарылыстан кейін пайда болған сынықтардан құрастырылған. Жоба авторының айтуынша, мүсін қанды оқиғадан қаза тапқан жандардың құрметіне жасалды. Ескерткіш жарылыс орын алған жердің маңында орналастырылды.

Естеріңізге салайық, тамыздың 4-і Бейруттегі химиялық зат қоймасында болған жарылыстан 190 адам мерт болып, 6 мыңнан астамы түрлі деңгейде жарақат алған.

Хабар 24 телеарнасы