423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нью-Делиді қою түтін тұмшалады

  • 110
  • UPD: 16:07, 26.10.2020
Нью-Делиді қою түтін тұмшалады

Үндістан астанасын көк түтін тұмшалады. 20 миллионнан аса халқы бар Нью-Дели - әлемдегі ауасы ең лас қалалардың бірі.

Жыл сайын қазан айының ортасынан бастап бұл шаһарды қалың тұман басып тұрады. Осы кезде шаң-тозаңды жерге басатын маусымды жаңбыр - муссон аяқталады. Сондай-ақ қалаға іргелес екі штатта егінді жинап, келесі егіске дайындау үшін алқаптарда қалған сабанды жағады. Ал жылдың бұл кезінде жел бағыты өзгеріп, ол Нью-Дели қаласына соғады. Локдаунға байланысты қыркүйек айына дейін шаһарда ауа біраз тазарған болатын. Алайда кәсіпорындар жұмысын қайта бастап, оған темір тұлпарлардың түтіні де қосылды.Осының салдарынан қала халқы көк түтіннен көз ашпай отыр. Ауаның ластануы салдарынан тыныс алу жолдары ауыратын науқастар көп. Сондықтан сарапшылар «олар үшін коронавирустың салдары ауыр болуы мүмкін» деп қауіптенеді.

Хабар 24 телеарнасы