424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Украинада Зеленскийдің партиясы көп дауыс жинаған жоқ

  • 109
  • UPD: 17:37, 26.10.2020
Украинада Зеленскийдің партиясы көп дауыс жинаған жоқ

Украинада өткен жексенбіде жергілікті сайлау өтті. Елдің 24 облысы мен ауыл-аймағында жергілікті мәслихат депутаттары, қала мен ауылдың әкімдеріне жалпыхалықтық дауыс берілді. Орталық Сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша дауыс берушілердің белсенділігі өте төмен болды. Сайлаушылардың 37 проценті ғана жергілікті сайлауға қатысқан.

Олексий, Киев қаласының тұрғыны:

- Сайлау адал өтетініне сенімдімін. Украина дұрыс жолға тұрды деп санаймын. Елімізде өткен соңғы президенттік сайлау әр адамның жеңуге мүмкіндігі бар екенін көрсетті.

Бір жыл бұрын Жоғары Рада парламентінде Зеленскийдің партиясы халықтың мол қолдауына ие болып, 450 депутаттың 248-і дәл осы «Слуга народа» партиясы атынан сайланған еді. Бұл жолы Зеленскийдің партиясына қатты қолдау көрсетілген жоқ. Керісінше қала мэрі Кличко әзірге 51 процент жинап, алдыңғы орында тұр. Оның «Удар» партиясы 22 процентпен алда, одан кейін Порошенконың партиясы, оған сайлаушылардың 18,30 проценті дауысы берген. Үшінші орында 10 процент дауыс жинаған Зеленскийдің «Слуга народа» партиясы. Дауыс беру мектеп пен мәдениет үйлерінде ұйымдастырылды.

Атап өту керек, Украинада коронавирустың  беті әлі қайтар емес. Бір тәулікте дертті жұқтырғандар 7 мыңға жуықтайды. Сондықтан сайлаушылар арасында арақашықтық сақтау қажеттігі билік тарапынан көп айтылды.

Хабар 24 телеарнасы