425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуропа елдері Рождество жәрмеңкелерін өткізбейді

  • 152
  • UPD: 20:57, 26.10.2020
Еуропа елдері Рождество жәрмеңкелерін өткізбейді

Еуропадағы эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты құрлықтағы бірқатар ел дәстүрлі рождестволық шаралардан бас тартты.

Мәселен, Францияның Страсбург қаласында биыл жәрмеңкелер мен фестивальдер өтпейді. Бұл тұрғындардың ғана көңіліне кірбің түсірген жоқ. Тиісті шешімнен кәсіпкерлердің де қалтасы қағылады. Өйткені бұл шараларға туристер көп жиналатын. Былтыр қалаға 2 миллионға жуық саяхатшы келіпті. Бұл өз кезегінде мейрамхана, қонақүй және саудагерлердің табысын арттыратыны түсінікті. Енді кәсіп иелеріне қиын тиетін түрі бар. Берлинде де дәстүрлі рождестволық жәрмеңке өтпейді. Ал Шотландия билігі тіптен тұрғындарды «цифрлы Рождествоға» шақырып отыр. Яғни құттықтауларды онлайн форматта өткізіп, жүріс-тұрысты шектеуге үндейді.

Хабар 24 телеарнасы