425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Швейцарияда дәрігерлер зейнеткер әріптестерінен көмек сұрады

  • 115
  • UPD: 20:23, 26.10.2020

Швейцарияда зейнетке шыққан дәрігерлер жұмылдырылуы мүмкін. Мұндай бастаманы Женева медицина қызметкерлері көтерді.

Олар алдағы күндері емханада орындар жетіспейтінін болжап отыр. Сондықтан зейнеттегі әріптестері мен волонтерлерден көмек сұрады. Швейцарияда өткен аптада екі рет антирекорд тіркелді. Індетті жұқтырғандар арасында жастар көп. Алайда оларда ауру жеңіл өтіп, тез жазылып жатқан көрінеді. Ауруханаға түскендер қатарында қарт кісілер көптеп кездеседі. Мәселен, өткен аптада емханаға түскен науқастардың 60 проценті 70-тен асқан тұрғындар болып шықты.

Ресейде өткен аптада коронавирусқа қатысты бірнеше антирекорд тіркелді. Кейінгі тәулікте 17347 жаңа дерек расталды. Бұл бұрын-соңды болмаған ең жоғары көрсеткіш. Бұған дейін мұнда жасы 65-тен асқан және созылмалы аурулары бар мұғалімдерді қашықтан жұмыс істеу тәртібіне көшіріп, оларды педагогикалық жоғарғы оқу орнының студенттерімен алмастыру мүмкіндігі айтылғанды. Енді міне Самара қаласында медицина университетінің 300-ге тарта студенті жергілікті ауруханалардағы жұмысқа тартылып, дәрігерлерге атсалысып жүр.  

БЛИЦ:

  1. Ауруханаға жұмыс істеуге келгеннен бері өмірге деген көзқарасым қатты өзгерді. Мен өзімді бұрынғыдай студент ретінде сезінбеймін. 
  1. Әріптестеріміз аянбай еңбек етіп жатқанда біз неге бұған бей-жай қарап, шетте қалуымыз керек?
Хабар 24 телеарнасы