425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркия желтоқсанда жаппай вакцина салуды бастайды

  • 150
  • UPD: 23:39, 26.10.2020

Түркия желтоқсан айында вирусқа қарсы жаппай вакцинациялауды бастайды. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа мәлімдеді.

Қытайдың «SinoVac» компаниясынан «CoronaVac» екпесінің 5 миллион дозасы сатып алынды. Нәтижесі жақсы. Қазіргі уақытта Түркияның 4 ірі қаласында адамдарға сынаманың үшінші кезеңі өтіп жатыр. Жаңа жылда тағы 5 миллион данасы алынады. Аталған екпені алдымен арнайы топтағы азаматтар ала алады. Олар егде жастағы кісілер, созылмалы ауру бар азаматтар мен коронавирус майданында алғы шепте жүрген дәрігерлер. Түркия бірнеше отандық вакцинаны да сынақтан өткізіп жатыр. Жергілікті екпе наурыз-сәуір айларында шығарылады. 

Фахреттин Қожа,  Түркия денсаулық сақтау министрі:

-  Қараша айының аяғында дейін коронавирусқа қарсы вакциналаудың үшінші кезеңіндегі сынақ нәтижелері туралы нақты ақпарат аламыз. Желтоқсан айында шамамен 5 миллион адамға екпе егеміз. Вакцинация қаңтар-ақпан айларында да жалғасатын болады.

Хабар 24 телеарнасы