423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19: Иранда шектеулер мерзімі ұзартылды

  • 117
  • UPD: 09:49, 27.10.2020

Иран коронавирус індетіне байланысты қабылданған шектеулердің мерзімін қарашаның жиырмасына дейін ұзартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтқанда, ел астанасы Тегеранда мектептер, мешіттер, дүкендер мен мейрамханалар жұмыс істемейтін болды. Індеттің өршуіне байланысты кейбір өңірлерде ауруханаларда орын жетіспейді. Дәрігерлердің айтуынша, ел аумағында әр төрт минут сайын осы дерттен өлім тіркеліп жүр. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері егер халық санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтамаса, күн сайынғы өлімдер саны 600-ге дейін өсуі мүмкін деп ескертті. Соңғы бір тәулікте Иранда 6 мыңдай науқас анықталды. Ал жалпы ел бойынша бұл ауруды жұқтырғандардың саны 570 мыңнан асып кетті.

Хабар 24 телеарнасы