420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таиландта парламенттің кезектен тыс мәжілісі басталды

  • 125
  • UPD: 08:03, 27.10.2020
Таиландта парламенттің кезектен тыс мәжілісі басталды

Екі күн бойы депутаттар елде өтіп жатқан наразылық шерулерін талқыға салып, қалыптасқан жағдайдың шешу жолдарын қарастырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еске салып кетсек, Таиландта соңғы айлары үкіметке қарсы наразылық тыйылар емес. Бой-көтеруге негізінен жастар қатысып жатыр. Олар премьер-министрдің отставкаға кетуін және елде конституциялық реформа өткізіп, корольдің саяси ықпалын азайтуды талап етіп отыр.  

Прают Чан-Оча, Таиланд премьер-министрі:

– Шерулер негізінен бейбіт өткенімен, кейбір аудандарда тәртіпсіздік байқалып жүр. Біз қақтығыстар басталып, елдің астан-кестеңі шығуын қаламаймыз. Барлық 70 миллион халқымыздың құқықтарын қорғау – үкімет парызы.

Хабар 24 телеарнасы