422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Айда су бар – NASA

  • 237
  • UPD: 18:11, 28.10.2020
Айда су бар – NASA

НАСА ғалымдары Айдан судың молекулаларын тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы ғарыш агенттігінің өкілдері хабарлайды. Сұйықтық «СОФИА» атты ұшатын инфрақызыл телескоптың көмегі арқылы айдың жарық түсетін бөлігінде анықталған. Бұған дейін сарапшылар су тек көлеңкелі жақта бар деп есептеген болатын. Болжам бойынша, ондағы су мұз күйінде болуы мүмкін. Енді америкалық астронавттар Айға 2024 жылы оралып, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізбек ниетте.

Пол Хертц, NASA астрофизика департаментінің директоры:

– Әзірше су сапасын әрі қандай күйде екенін тап басып айту қиын. Сондықтан алдымен Айға роботталған аппараттарды жібереміз. Кейін ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін мамандар аттанады.

Хабар 24 телеарнасы