422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Finnair ұшақтарындағы тағамдар супермаркеттерде сатыла бастады

  • 109
Finnair ұшақтарындағы тағамдар супермаркеттерде сатыла бастады

Финляндия тұрғындарына саяхат дәмін тату ұсынылып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті әуе тасымалдаушы Finnair ұшақтарындағы бизнес-класста беретін тағамдарын супермаркеттерде сата бастады. Бұл – әуекомпания қызметкерлері үшін жаңа жұмыс орындарын құру үшін қолға алынған шара. Жергілікті тұрғындар бұл бастаманы қуана қарсы алды. Бірнеше күнде 1600-ден астам тағам сатылды. Енді оны елдің барлық дүкеніне жеткізу көзделіп отыр. 

Киммо Сивонен, супермаркет қызметкері:

– Тұтынушыларымыз бұған өте риза. Бұл – дүкенімізде жақсы өтіп жатқан өнімдердің бірі.

Коронавирус індетіне байланысты Finnair ұшақтары жасайтын әуе-сапарлар саны 91% азайды. Бүгінде компанияның 7 мыңнан аса қызметкері демалысқа кетуге мәжбүр болды. Сондай-ақ Finnair басшылығы алдағы жылдың наурыз айына дейін 700-ге жуық жұмыс орнын қысқартпақ.

Сингапурдегі бір әуе компания ұшақ ішінде тамақтануды ұсынып отыр. Бұл асты әзірлеуге компанияның 200-дей қызметкері қатысқан. Айта кетер бір жайт, осы шараға билеттер небәрі 30 минтутта түгелімен сатылып кетті. Кейбіреуі қиын жағдайға түскен әуе компания қызметкерлеріне қолдау білдіруге келсе, тағы біреулері ұзақ уақыт саяхатқа шықпай, сағынып келген еді.  

Калвин Тео, Сингапур қаласының тұрғыны:

– Коронавирустың кесірінен саяхаттай алмай жүрмін. Бұл – ұмытылмас әсерге қайта бөленудің керемет мүмкіндігі.

Хабар 24 телеарнасы