422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та орман өртінен 60 мың адам эвакуацияланды

  • 139
АҚШ-та орман өртінен 60 мың адам эвакуацияланды

АҚШ-тың Калифорния штатында орман өртінен 60 мыңнан астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар оларды арнайы лагерьлерге орналастырған. Билік өкілдерінің айтуынша, өткен тәулікте аймақта 800 гектар орманды алқап күлге айналды. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін қатты жел кедергі болып тұр. Синоптиктердің болжамы да көңіл көншітпейді. Айтуынша, алдағы күндері желдің екпіні сағатына 130 шақырымға дейін жетуі мүмкін.

Айта кетейік, биыл Калифорния штатындағы орман өрті 1 жарым мың гектар жерді тып-типыл етті.

Хабар 24 телеарнасы