422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Вьетнамға «Молаве» тайфуны жақындады

  • 112
  • UPD: 15:18, 27.10.2020
Вьетнамға «Молаве» тайфуны жақындады

Жергілікті билік тұрғындарды эвакуациялау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, шамамен 1 млн 300 мың адам қауіпсіз жерге көшуі тиіс. Бұл шараға әскерилер де тартылған. Қазір желдің екпіні сағатына 125, ал кей жерлерде 150 шақырымға дейін жетеді.

Айта кетейік, кеше тайфун Филиппиннің Лусон аралында құйындатты. 11 ауданда нөсер жауын жауып, арты тасқын мен лай көшкініне ұласты. Апаттан 3 адам мерт болып, 13 тұрғын із түзсіз жоғалды.

Хабар 24 телеарнасы