422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Словакияда барлық тұрғындар коронавирусқа тест тапсыратын болды

  • 126
  • UPD: 17:00, 27.10.2020
Словакияда барлық тұрғындар коронавирусқа тест тапсыратын болды DW

Анализдерді 10 жастан асқан тұрғындардың барлығы тапсырады. Ал тест оң нәтиже көрсеткен жағдайда, олар өз-өзін оқшаулауға көшуі тиіс.  

Словакияда демалыс күндері, 31 қазан мен 1 қараша аралығында коронавирусқа жалпыұлттық тестілеу өтеді. Бұл туралы Aktuality хабарлады.

«Пилоттық жобаны жүзеге асырып болғандықтан, біз енді кешенді тестілеуге көшеміз. Ол сенбі мен жексенбі күндері өтеді», – деді елдің премьер-министрі Игорь Матович.

«Осы бастама арқылы біз вирус жұқтырғандарды анықтап, олардан үйде отыру арқылы өзгелерге қауіп тудырмауды сұрайтын боламыз», – деді Матович.

Егер бұл тәсіл сәтті шықса, билік өзге елдер де Словакиядан үлгі алады деген үмітте.

Словакияда 5,5 млн-ға жуық адам тұрады.

Хабар 24 телеарнасы