425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19: Норвегияда жаңа шектеу шаралары енгізілді

  • 140
  • UPD: 20:48, 27.10.2020

Норвегияда коронавирустың ушығуына байланысты билік шектеу шараларын күшейтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұдан былай бір нысанның ішінде 50-ден астам адамның жиналуына тыйым салынады. Ал үйге 5 кісіден көп қонақ шақыруға болмайды. Сонымен қатар 31 қазаннан бастап елге келген шетелдік жұмысшылар он күндік карантинге жатқызылатын болды.

Эрна Сольберг, Норвегия премьер-министрі:

- Біз қосымша шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдадық. Бұған дейін айтқанымдай, инфекцияның таралуын тоқтату үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы