425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аргентинада жеті айлық үзілістен кейін шектеулер жеңілдеді

  • 145
  • UPD: 22:18, 27.10.2020

Аргентинада жеті айлық үзілістен кейін жаттығу залдары мен дәмхана, барлар қайта ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда аталған мекемелер санитарлық нормаларды қатаң сақтауы тиіс. Атап айтқанда, келушілер саны 25%-тен аспауы керек. Ал мейрамханаларда үстелдердің арақашықтығы екі метр болуы қажет. Айта өтейік, індет салдарынан Аргентинада 1200-ге жуық кафе мен мейрамхана түбегейлі жабылып қалған.

Лучиана Бакарини, мейрамхана қонағы:

- Мекемелердің қайта ашылуы жақсы болды. Емін-еркін серуенге шығып, туған-туыс, достармен әңгімелескенге не жетсін. Карантин кезінде осының бәрінен құр қалған едік.

Хабар 24 телеарнасы