422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Испанияда қос саланың мамандары жарыса шеруге шықты

  • 123
  • UPD: 08:52, 28.10.2020

Испанияда қалааралық автобустардың жүргізушілері Мадридте наразылық акциясын ұйымдастырды.

Олар Көлік министрлігінің қолдау көрсетуін талап етті. Әйтпесе аталған сала құрдымға кетуі мүмкін, дейді жүргізушілер. Айта кетейік, Испанияда жексенбіден бастап елде коменданттық сағат орнаған. Бірақ ел билігі мұнымен шектелмей, өңіраралық қатынасқа да шектеу қоюлары мүмкін. 

Хавьер, автобус жүргізушісі:

- Бізге ешқандай қолдау көрсетілмеді. Еңбек демалысына жібергендері болмаса, басқа ештеңе жоқ. Ал қалаішілік автобус жүргізушілері миллиондап ақша алды.

Жүргізушілерден бөлек Испанияда ақ халаттылар да шеруге шығып, билікке жан айқайын жеткізді. Айтуларынша, ауруханаларда еңбек жағдайы мүлдем жоқ. Бұған қоса індет кезінде дәрігерлердің тым артық жұмыс істеуінен қызмет көрсету сапасы нашарлап кеткен. Айта өтейік, өткен аптада испанияда коронавирус жұқтырғандардың саны 1 миллионнан асты.

Хабар 24 телеарнасы