423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Макрон жаңа карантин туралы телеүндеу жасайды

  • 150
  • UPD: 09:32, 28.10.2020
Макрон жаңа карантин туралы телеүндеу жасайды

Францияда өткен тәулікте 33 мыңнан астам адамға Ковид-19 диагнозы қойылды. Қазір көптеген ауруханаларда орын тапшы.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, жергілікті билік елде 4 аптаға локдаун енгізуді жоспарлап отыр. Әзірге жаңа шектеу шаралары Сенаттың қарауында. Дауыс беру аяқталғаннан кейін Президент Эммануэль Макрон бүгін кешкісін жаңа карантин талаптарын телеүндеу арқылы жария етеді деп күтілуде. 

Селиа Легер, медбике:

- Корнавируске шалдыққан науқастарың саны артып барады. Өкінішке орай, қазірдің өзінде ауруханаларда орын тапшылығы байқалады. Аурудың бірінші толқынынан ес жиып үлгерген жоқ едік. Көктемдегі жағдайдың қайталануына жол берілмеу керек.

Хабар 24 телеарнасы