425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемде бір аптада 2 млн 800 мың адамға вирус жұққан

  • 162
  • UPD: 10:26, 28.10.2020
Әлемде бір аптада 2 млн 800 мың адамға вирус жұққан

Індет қысып барады. Соңғы бір аптада дүние жүзі бойынша 2 млн 800 мыңнан астам адам  коронавирус жұқтырып, өзіндік рекордтық көрсеткішке жетті.

Жеті күн ішінде 40 мың адам қауіпті вирустан көз жұмған. Ақпаратты Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйымы таратты.

Ұйымның мәліметінше, соңғы күндері Ковид 19 жұқтырғандардың саны 16 процентке артты. Қазір қауіпті індет негізінен Еуропа елдерінде кең таралуда. Кәрі құрлықта 1 млн 300 мыңнан аса адам вирус жұқтырса, Солтүстк және Оңтүстік Америкада шамамен 900 мың адам індеттің ілмегіне іліккен. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы азаматтардың неғұрлым сақтық шарасына мән беруін ескертіп, қауіпті вирустың жолын кесу үшін бірлесе күрес жүргізуге шақырады. Ол үшін әбір адам мейлінше қауіпсіздік шарттарын сақтауы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы