420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Филадельфияда қаласында кең ауқымды ереуіл өтті

  • 145
  • UPD: 13:42, 28.10.2020
Филадельфияда қаласында кең ауқымды ереуіл өтті

АҚШ-тың Филадельфия қаласында ірі ереуіл өтті. Оған 27 жастағы Уолтер Уоллес полицей қолынан қаза табуы түрткі болды.

Айта кетейік, күні кеше жергілікті тәртіп сақшылары пышақпен қаруланған афро-америкалық азаматты атып тастаған болатын. Осыған байланысты жүздеген тұрғын көшеге шығып, қалада ойран салды. Олар сауда нысандарын қиратып, көліктерді өртеп жіберген. Белгілі болғандай, полицейлермен қақтығыс кезінде 30 офицер жарақат алған. Біреуі ауруханаға түсіпті.

Хабар 24 телеарнасы