423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауғанстанда жарылыстардан сегіз адам қаза тапты

  • 141
  • UPD: 13:52, 28.10.2020
Ауғанстанда жарылыстардан сегіз адам қаза тапты

Кабулдағы жойқын жарылыстан 3 адам мерт болып, 14 тұрғын жарақат алды.

Белгілі болғандай, жарылғыш зат автокөлікке орнатылған. Жарылыстың күшінен жақын маңдағы бірнеше ғимаратқа да зақым келді.

Айта кетейік, дәл осы күні Хост провинциясында да жарылыс болып, артынша атыс ұйымдастырылды. Салдарынан 5 полиция қызметкері көз жұмды. Тағы 25 тәртіп сақшысы мен 9 бейбіт тұрғын жарақат алған. Әзірге екі оқиғаға қатысты жауапкершілікті ешбір террорлық ұйым өз мойнына алған жоқ. Тергеу ісі басталды.

Хабар 24 телеарнасы