424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Вьетнамда тайфуннан адам қаза тапты

  • 106
  • UPD: 14:25, 28.10.2020
Вьетнамда тайфуннан адам қаза тапты

Вьетнамда Молаве тайфуны  ойран салды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, табиғат апатынан 1 адам мерт болды.

Сонымен қатар қатты желден екі кеме жоғалды. Бортында 26 балықшы болған. Із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру операция басталды. Оған әскери теңіз флотының екі құтқару кемесі жұмылдырылды. Жергілікті билік қауіпті аймақтардан шамамен 40 мың тұрғынды эвакуациялады. Өңірдегі барлық кәсіпорындар, кеңселер мен мектептер жұмысын уақытша тоқтатты. Мамандар тұрғындарды сыртқа шықпауға шақырады. Елдің 5 әуежайы жабылып, 200-ден астам рейс кейінге шегерілді. Теміржол қатынасы да тұралап тұр. Ал синоптиктер долы дауылмен бірге нөсер жауын жауады деп болжайды.

Хабар 24 телеарнасы