424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бейжіңде веложолдар саны артады

  • 121
  • UPD: 15:50, 28.10.2020

Бейжің қаласында велосипедшілерге арналған 12 жаңа жол салу жоспарлануда. Сарапшылардың пікірінше, бұл жоба шаһардағы көлік қозғалысы жүйесін түпкілікті өзгертеді. Сондай-ақ әлемдегі ауасы ең лас қалалардың бірі саналатын Бейжіңде экологиялық ахуалды жақсартуы керек.

Бейжіңде 400 шаршы шақырым ауданды алып жатқан велосипед жолдарының тұтас жүйесі салынады. Осылайша екі дөңгелекті көлікті тізгіндеген тұрғындардың қалада қатынауы ыңғайлы әрі қауіпсіз болмақ. Бұл жолақтар автокөлік жүретін жолдардан бөлінеді. 

Чэнь Минь, Бейжің қаласының тұрғыны:

- Маған бұл веложолақ ұнайды. Біріншіден, бұл қауіпсіз. Бұрын жүк көліктері жиі жүретін жолды қолдану қорқынышты еді. Енді бәрі жақсы. Велосипедтер жүретін жолға тіпті электрскуттерлерді де жібермейді. Екіншіден ол метро бекетіне жақын. Жұмысқа барып-қайтуға ыңғайлы.

Бұл жобадан қаланың экологиялық ахуалы жақсара түсетіні анық. Жергілікті билік өкілдерінің мәлімдеуінше, қала тұрғындарының 70 проценті экологиялық таза көлікті таңдаған. 

Цзя Фэн, ҚХР Экология министрлігі ақпарат орталығының директоры:

- Бұл жол Бейжіңде веложолақтар жүйесін салу бағытында алғашқы алаң болды. Осының арқасында велосипедтермен жүретін халық саны артып, қаладағы ауа тазарады. 

Си Цзиньпин 2060 жылға дейін Қытай ауаны көмір қышқыл газымен ластамайтын елге айналатынын мәлімдеген болатын. Ел астанасы осы бағыттағы жұмысқа белсенді кірісіп кетті. 

Авторлар: Ботагөз Сырғабаева, Айгерім Сүлейменова

Хабар 24 телеарнасы