425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19: Венесуэлада ауруханалар науқастардың ағынына төтеп бере алмай жатыр

  • 130
  • UPD: 18:23, 28.10.2020

Венесуэлада вирус жұқтырғандардың көптігі сонша, жергілікті ауруханалар науқастардың ағынына төтеп бере алмай жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған ең алдымен еңбек жағдайының нашарлығы мен медицина мамандарының жетіспеушілігі түрткі болып отыр. Сондықтан қауіпті инфекцияға шалдыққан азаматқа оның жақындары қарайласуға мәжбүр.

Айта кетейік, бүгінге дейін Венесуэла жерінде 90 мыңнан астам адам вирус жұқтырып, 700 кісі қайтыс болды. Оның 220-сы – дәрігерлер мен медбикелер.

Хабар 24 телеарнасы