425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мельбурнде үш айға созылған локдаун алынып тасталды

  • 170
  • UPD: 11:22, 29.10.2020

Австралияның Мельбурн қаласында үш айға созылған локдаун алынып тасталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сөйтіп, шаһардағы дүкендер, мейрамханалар мен сұлулық салондары қайта қызметіне кірісті. 200 мың жуық азамат жұмысқа шықты. Айтулы оқиғаға байланысты көптеген мекеме қайта ашылу салтанаттарын өткізді. Ал сүйікті дүкендері мен кафелеріне кіруге асыққан тұрғындар ұзын-сонар кезекке тұрды.

Айта кетейік, Виктория штатының астанасы шілде айының басында жабылған еді. Себебі сол кезде коронавирус жұқтырудың бір күндік көрсеткіші 700 адамнан асып кеткен болатын.

Хабар 24 телеарнасы