422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италияда коронавирустың таралу қарқыны күшейіп барады

  • 118
Италияда коронавирустың таралу қарқыны күшейіп барады

Қоғамдық көлік – коронавирус жұқтыруда қаупі ең жоғары орын.

Италияның денсаулық сақтау министрлігі осындай мәлімдеме жасады. Себебі елде шектеу шараларының күшейтілуіне қарамастан, жұмыстан кейінгі қарбалас кезінде автобустар мен метро жолаушыларға лық толы күйде қатынайтын көрінеді. Ал сарапшылардың сөзінше, қоғамдық көліктен бөлек, отбасылық жиындар да коронавирустың тез таралуының негізгі себебі саналады. Айта кетейік, соңғы уақытта Италияда вирустың таралуы қарқыны өте қатты. Жуырда ғана елде инфекцияға шалдығудың тәуліктік рекорды орнады. 24 сағатта қауіпті вирус 22 мыңнан астам адамнан табылған.

Элио Венафро, жолаушы:

- Кешкісін автобус іші адамдарға лық толы. Бұл өте қауіпті. Соған қарамастан, қолдан келгенше сақтық шараларын сақтауға тырысамыз. Маска тағып, өзімізбен бірге антисептиктер алып жүреміз.

Хабар 24 телеарнасы