424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Президенттік сайлау: АҚШ-та биыл пошта арқылы дауыс бергендер саны өте жоғары

  • 124
  • UPD: 13:28, 29.10.2020

Дональд Трамп пен Джо Байден арасындағы додада кімнің тасы өрге домалайды?

АҚШ азаматтары сайлауға қаншалықты мән береді? Дауыс берушілер белсенділігі әдеттегіден әлдеқайда жоғары деген де пікір бар. Арнаның Америкадағы тілшісі Талғат Алман қазір бізбен тікелей байланысқа шықты.

Диктор;

- Талғат, армысыз, қайырлы кеш десе де болатын шығар. Сіздерде түн ғой қазір. Ол түсінікті. Ал, біздің түсінгіміз келетіні, сайлау алдындағы Америка.  Сөз кезегі өзіңізде.

Талғат Алман, тілші:

- Қайырлы күн Жанар, сайлау күні жақындаған сайын АҚШ-тағы саяси текетірес те өршіп келе жатыр. «Кім жеңеді, қорытынды қашан шығады, яғни дауыс беру нәтижесі қашан хабарланады», деген сұрақтар электораттың көкейінде тұр. Олай дейтініміз, биылғы сайлаудың қорытындысы әдеттегідей бір күннен кейін емес, қарашаның 20-ына дейін созылып барып айтылуы мүмкін. «Мұның басты себебі, пошта арқылы дауыс бергендердің саны биыл өте жоғары болып отыр және олардың бюллетеньдерін жинау әдеттегіден де ұзақ уақыт алады», - дейді сарапшылар. Қазірдің өзінде рекордтық көрсеткіш тіркеліп отыр. Мысалы, бүгінге дейін 75 миллионға жуық америкалық дауыс берсе, оның 47 миллионы пошта арқылы дауыс бергендер екен. Бұл сөзсіз, пандемияның әсері.

Диктор:

- Талғат, демек, қиындықты пошта, пошта болғанда да әлгі дауысты санаудың машақаты туғызып тұр ғой.

Талғат Алман, тілші:

- Дұрыс айтасыз. «2016 жылмен салыстырсақ, поштамен дауыс бергендердің үлесі 23% болса, биылғы сайлауда 50-ден 70%-ке дейін жетуі мүмкін», - дейді сарапшылар. Яғни пандемияға дейінгі сайлауларда поштамен дауыс бергендердің үлесі қорытындыға анау айтқандай әсер етпейтін еді. Ал биылғы сайлаудың қорытындысын пошта арқылы жасалған дауыстар шешіп кетуі мүмкін. Оған қоса, Техас, Калифорния, Мэйн сияқты шешуші Swing State-тер пошта арқылы келетін бюллетеньдерді қабылдау дедлайнын ұзартып отыр. Мұндай тенденцияны Демократтар қолдап, өздерінің есебіне жазып жатыр. Ал Трамп болса, керісінше, қолдамай отыр. Осы мәселеге қатысты пікірлеріне құлақ түрейік.

Джо Байден, АҚШ президенттігіне үміткер:

- Дауыс беріңіздер. Дауыс беру учаскелеріне бара алмасаңыз, поштамен дауыс беріңіздер. Шамаңыз жетіп жатса, барып дауыс беріңіз. Бастысы, дауыс беріңіз.

Трамп Дональд, АҚШ президенті:

- Пошта арқылы дауыс беру өте қауіпті. Демократтардың бұл әрекетіне жол бермеңіздер. Поштамен дауыс беріп қойсаңыздар, сайлау күні жеке барып тағы да дауыс беріңіздер. Дауыстарыңыздың қабылданғанына көз жеткізіңіздер!

Талғат Алман, тілші:

- Ал 22 штат поштамен жиналған дауыстарды 3 қарашадан кейін қабылдауға рұқсат беріп отыр. Қалғандары «дауыстардың барлығы сайлау күніне дейін жиналып бітуі керек» дейді. Яғни, USPS пошта агенттігі дауыстардың барлығын 3 қарашаға дейін жинап үлгеруі керек деген сөз. Коптеген мамандар «бұл мүмкін емес» деп жатыр. Сондай-ақ АҚШ бойынша тек сегіз штат қана дауыстардың 98%-ін 3 қарашаға дейін жиналған дауыстардың бейресми қорытындысын ертесіне жариялайтынын мәлімдеді. Демек, сайлаудың қорытындысын сол күні біле алмаймыз деген сөз.

Хабар 24 телеарнасы