422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жыл басынан бері түрік лирасы 36,5% құнсызданды

  • 122
  • UPD: 12:43, 29.10.2020
Жыл басынан бері түрік лирасы 36,5% құнсызданды

Түрік лирасы құнсызданудың шарықтау шегінде тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол бүгін доллардың қасында 1,14%-ке әлсіреп, қазан айынан бері 7,7%-ке құлдырады. Ал, жыл басынан бері мемлекеттің ақшасы 36,5%-ке құнсызданған. Сарапшылар лираның 9 апта қатарынан күрт төмендеуіне Орталық банк проценттік мөлшері шешімі, АҚШ-тағы президенттік сайлауда Байденнің жеңу ықтималы мен қазіргі геосаяси себептерді алға тартып отыр.

Соның ішінде «Brexit, коронавирустың жаһандық және жергілікті өсу тенденциясы, Еуроодақпен арадағы шиеленістің қайта өршу ықтималы, Әзербайжан мен Армения арасындағы дау және «S-400» әуе қорғаныс жүйелеріне қатысты жүріп жатқан үрдіс әсер етіп отыр», - дейді экономисттер. Айта кеткен жөн, түрік лирасы екі ай қатарынан құнсыздануы 1999 жылдан бергі көрілмеген құбылыс. Бұл жағдай түрік валютасын дамушы нарықтағы ең әлсіз валюталардың қатарына қосты. Қазірде жергілікті тұрғындар активтерін доллармен ұстауды жөн көреді.

Мұрат Уйсал, Орталық банк басшысы:

- Валюта бағамының өзгеруіне көптеген факторлар әсер етіп отыр. Орталық банк бұл мәселеге қаржылық және бағаның тұрақтылығы тұрғысынан қарайды. Бізде валюта бағамының деңгейіне арналған нақты мақсат жоқ. Алдағы кезеңде ақша-несие саясаты мен баға тұрақтылған кезде айырбас бағамы да қалыпқа келе бастайды.

Хабар 24 телеарнасы