423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны 8 миллионнан асты

  • 125
  • UPD: 17:14, 29.10.2020

Үндістанда коронавирус індеті дес бермей тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елде инфекция жұқтырғандардың саны 8 миллионнан асты. Бұл – Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі. Бір күнде 50 мыңнан астам адам аурудың құрығына іліксе, 120-дан астамы дертін жеңе алмай көз жұмды. Сарапшылар дімкәс жандардың қатары одан бетер артуы мүмкін деп дабыл қағады. Мәселен жақын арады аймақта фестивальдардың маусымы басталады. Мамандар тұрғындарға әлеуметтік арақашықтық пен маска тағу режиміне салғырт қарамауды ескертіп отыр. Айта кетейік, бүгінде Үндістан әлемде коронавирус жұқтырған науқастарды саны бойынша АҚШ-тан кейінгі екінші орында тұр.

Хабар 24 телеарнасы