423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италияда бір тәулікте 25 мың адам коронавирус жұқтырған

  • 142
  • UPD: 15:47, 29.10.2020

Италияда бір тәулікте коронавирусқа шалдыққандардың саны 25 мыңға жуықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар бір күнде 200-ден астам адам вирустың құрбаны болған. Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды. Қазір ауру әсіресе, Ломбардияның солтүстігінде ушығып тұр. Осыған орай аймақта шектеу шаралары күшейіп, барлық кинотеатр, театр, бассейн мен спорт залдар уақытша жабылды. Қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы да қысқарды. Жаңа санитарлық ережелер қалың жұрттың наразылығын тудырды. Биліктің шешіміне қарсы шыққандар ереуіл ұйымдастырып, тәртіп сақшыларымен қақтығысқа түскен. Наразыларды тарқату үшін полиция көз жасаурататын газ қолданған. Тұрғындардың ереуіліне қарамастан, билік толық карантин режимін енгізуді жоспарлап отыр. Мәселен мамандар «ауруды тежеу үшін Үкіметтің қабылдаған шаралары жеткіліксіз» деген пікірде.

Хабар 24 телеарнасы