425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Франция аумағы бойынша локдаун басталды

  • 108
  • UPD: 13:03, 30.10.2020

Әзірше қатаң шектеу шаралары желтоқсанның 1-іне дейін жалғаспақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті билік әр екі апта сайын аймақтағы эпидемиологиялық ахуалға баға беріп локдаунның мерзімін өзгертіп отырмақ. Алайда мамандар карантин 12 аптаға дейін созылады деп болжап отыр. Осы жолғы шектеу шаралары біріншісіндей қатаң емес. Елдегі өнеркәсіп жұмысы тоқтамайды. Ал мейрамхана, театр мен кинотеатр және спорт залдар уақытша жабылады. Қоғамдық іс-шаралардың өткізілуіне де тыйым салынды. Тек үйлену тойына 6 адамнан, ал жерлеу рәсіміне 30 адамнан артық жиналмау керек. Мектептер мен балабақшалар бұрынғы қалпында жұмыс істейді. Десе де, 6 жастан асқан барлық оқушылар үшін маска тағу режимі міндеттелді. Сонымен қатар мектептерде санитарлық талаптар қатаң сақталып, кабинеттердің барлығы үнемі желдетіліп отыруы керек.

Айта кетейік, соңғы бір күнде Францияда 46 мыңға жуық адам індеттің ілмегіне ілініп, 235 науқас коронавирустан көз жұмды.

Жан-Мишель Бланкер, Францияның ұлттық білім беру министрі:

- Балаларымызды қорғау керек екенін бәріміз де түсінеміз. Алайда бірінші карантин жарияланғанда қашықтан оқыту форматының оң нәтижесін байқаған жоқпыз. Мұғалімдер қанша тырысып бақса да, балалардың мектеп қабырғасында білім алуына жетпейді. Өйткені оқушылар оқу бағдарламасынан айтарлықтай қалып қойды. Ал онлайн оқу балалардың психологиясы мен физикалық дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы