423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Испанияда коронавирусқа шалдыққандардың саны 9,5 мыңға жуықтады

  • 105
  • UPD: 13:59, 30.10.2020

Жергілікті билік бұл ел тұрғындарының сақтық шараларына немқұрайлы қарауынының себебі деп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған орай елдің көптеген өңіріндегі карантин талаптары қатаңдатылды.

Айта кетейік, Испания бүгінде коронавирусқа шалдыққан науқастардың саны бойынша әлем елдерінің арасында алтыншы орында тұр.

Фернандо Симон, денсаулық сақтау саласының өкілі:

- Қауіпті вирус жұқтырған науқастар санын қысқарту керек. Бүгінде 100 мың адамға шаққанда 458-і індеттің ілмегіне ілініп жатыр. Бұл көрсеткішті 25-ке дейін азайтуды жоспарлап отырмыз. Ол үшін халық барлық санитарлық талаптарға аса жауапкершілікпен қарауы керек.

Италиядағы жағдай да мәз емес. Онда бір тәулікте 21 мыңға жуық адам дертке шалдыққан. Қазір елдегі ауруханаларда бос орын тапшы. Сол себепті уақытша емдеу орталықтары ашылып жатыр. Жағдайдың ушығуына байланысты жергілікті билік шектеу шараларын қатаңдату туралы шешім қабылдады. Аймақтағы барлық ойын-сауық орталықтар, бассейн, қоғамдық тамақтану орындары жабылды. Алайда үкіметтің бұл шешіміне жергілікті жұрт қарсылық танытуда. Бұған қарамастан билік өкілдері жағдай одан бетер қиындаса, шектеу шаралары тағы қатаңдатылатынын айтып отыр.

Хабар 24 телеарнасы