423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Испанияда төтенше жағдай режимі 9 мамырға дейін ұзартылды

  • 114
  • UPD: 14:35, 30.10.2020

Конгрес депутаттары бұл шешімді қолдап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Парламенттің төменгі палата отырысында құжатты 194 депутат қолдап, 53-і қарсы шықса, 99 шенеунік дауыс беруден қалыс қалды. Премьер-министр Педро Санчес елдегі эпидемиологиялық ахуал оңалса, төтенше жағдай режимі алты айға дейін созылмауы да мүмкін екенін алға тартады. Қазір көптеген автономды қауымдастық тұрғындары аса қажеттілік болмаса бір-біріне емін-еркін қатынай алмайды.

Айта кетейік, Испания бүгінде коронавирусқа шалдыққан науқастардың саны бойынша әлем елдерінің арасында алтыншы орында тұр.

Хабар 24 телеарнасы