420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейде бір тәулікте 17 мыңнан астам адам вирус жұқтырған 

  • 143
  • UPD: 15:52, 30.10.2020

Ресейде соңғы тәулікте коронавирус індетін жұқтырғандардың саны 17 мың 500 ден асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сарапшылар бұл көрсеткіш 20 мыңға дейін жетуі ықтимал дейді. Бүгінде шамамен 5 ауруханада орын тапшылығы байқалады. Әсіресе елдің 16 ауданы мен Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларындағы ахуал күрделі. Мамандардың айтуынша, аймақтағы эпидемиологиялық жағдай халықтың жауапкершілігі мен саналылығына байланысты. Сондықтан билік өкілдері тұрғындарды барлық сақтық шараларын бұлжытпай орындауға шақырып отыр.

Хабар 24 телеарнасы