422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Британия ауадан алмаз өндірді

  • 154
  • UPD: 14:00, 31.10.2020

Британдық компания ауадан алмаз өндіре бастады. Таңқаларлығы, жаңа өнімнің табиғи тастан еш айырмасы жоқ.

Химиялық құрамы да бірдей. Оны растайтын сертификат та бар. Мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін мамандар жылдар бойы сынақ жүргізіпті.

Айта кетейік, жасанды алмаздар атмосфералық көмірқышқыл газы, су және күн қуатын пайдалану арқылы дайындалады. Ал одан шыққан метан плазмадан өтіп, кейін кристаллдар пайда болады екен.

Хабар 24 телеарнасы