422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Вирус Балқан түбегіне тез тарап жатыр

  • 117
  • UPD: 08:55, 31.10.2020
Вирус Балқан түбегіне тез тарап жатыр

Коронавирус індеті Балқан түбегіндегі елдерді де жайпап жатыр. Инфекцияға шалдыққан науқастардың көптігі сонша ауруханаларда оларды қабылдайтын орын жоқ.

Осыған байланысты Сербия билігі Белградтағы әскери кешенде мың орындық емхана тұрғызбақ. Солтүстік Македонияда да жағдай мүшкіл. Соңғы 3 аптада тәуліктік көрсеткіш 4 есеге артқан. Осыған байланысты ел билігі тұрғындарға қоғамдық орындарда маска тағуды міндетті. Небәрі 4 миллион халқы бар Хорватияда вирус жұқтырудың тәуліктік көрсеткіші 3 мыңға таяған. Соңғы 24 сағатта елде 2 мың 700-ден астам адам инфекцияға шалдығып, 20-сы көз жұмыпты.

Мамандардың айтуынша, алдағы апталарда жағдай одан бетер ушығып, вирус жұқтырғандар саны күніне 4 мыңнан тіркелуі мүмкін. Ал Словенияда коронавирустың кеңінен етек жаюына байланысты елде қайтадан карантин жарияланды.

Хабар 24 телеарнасы