423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркияда апаттан қаза тапқандар саны 24 адамға жетті

  • 175
  • UPD: 11:25, 31.10.2020

Түркияда болған жер сілкінісінен жапа шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Еліміздің сыртқы істер министрлігі осындай ақпарат таратты. Ал Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшілігі осы елдегі азаматтарымызға көмек беруге дайын екенін хабарлады.

Соңғы мәліметке сәйкес, Эгей теңізі аймағындағы табиғи апаттан 24 адам опат болды. Тағы 800-ден астамы жарақат алған. Дүмпудің күші 6,6 балға жетіп, 30 секундқа ұласқан. Бұл туралы осы елдегі меншікті тілшіміз Меруерт Қанағат хабарлады.

Елдің ішкі істер министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, Измирдің Байраклы және Борнова аудандарында кемі 20-дан астам тұрғын үй жермен жексен болған. Қазір іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Мұнан бөлек жүздеген тұрғын үй мен мекемеге зақым келген. Зілзала болған ғимараттардың жанында тұрған көліктер үйінді астында қалды. Мамандар 6 балдан жоғарғы жер сілкінісінен кейін тағы да 5 балдық жер сілкінісі болуы мүмкін деп ескертті. Сондықтан азаматтарды біраз уақыт тыста болуға шақырып отыр. Айта кетерлігі, Измир Түркияның үшінші ірі қаласы.

Хабар 24 телеарнасы