422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грекияда жер сілкінісінен екі адам қаза тапты

  • 133
  • UPD: 11:24, 31.10.2020
Грекияда жер сілкінісінен екі адам қаза тапты

Грекияның Самос аралында жер сілкінісінен екі адам қаза тауып, тағы онға жуық адам жараланды.

Қаза тапқандар жасөспірімдер болып шықты.

Табиғи апат салдарынан мұнда бірқатар ғимарат мен тарихи маңызы бар шіркеу қирап қалды.

Грекия Геодинамика институтының хабарлауынша, жер сілкінісінің күші 6,6 балл болған.

DailySabah.com

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы