423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Измирдегі жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артты

  • 141
  • UPD: 15:29, 31.10.2020
Измирдегі жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артты

Түркияда болған жер сілкінісінен жапа шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Еліміздің сыртқы істер министрлігі осындай ақпарат таратты. Ал Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігі осы елдегі азаматтарымызға көмек беруге дайын екенін хабарлады.

Қазір Измир қаласында құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Мамандар үйінділер астында қалып қойған тұрғындарды іздестіруде. Соңғы ақпарға қарағанда табиғи апаттан қаза тапқандар саны 25-ке жетті. Тағы 800-ден астамы жарақаттанған. Үйінділер астынан ондаған тұрғын құтқарылып алынды. Жалпы табиғи апат,  гректің Самос аралында да сезілген. Соңғы ақпарат бойынша Грекияда 2 кісі қаза тапқан.

Еске сала кетейік, кеше Түркияның Эгей аймағында 6,6 балдық жер сілкінісі болды. Салдарынан теңіз суы тасып, жағалауға жақын жерді шайып кетті. Зілзаладан көптеген ғимарат қирап, жүздеген адам жапа шекті. Табиғат апатынан келген шығын көлемі әлі белгісіз.

 Тунч Сойер, Измир қаласының мэрі:

- Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. Тұрғындардан зақым келген үйлерге кірмеуін сұраймыз. Біз саябақтарда уақытша шатырлар құрдық. Ыстық тамақ орындары жұмыс істеп тұр. Тұрғындармен әрдайым байланыстамыз.  Олардың барлық талабы ескеріледі.

Хабар 24 телеарнасы