422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грузияда парламенттік сайлау өтіп жатыр

  • 127
  • UPD: 15:36, 31.10.2020
Грузияда парламенттік сайлау өтіп жатыр

Грузияда парламенттік сайлауда дауыс беруге арналған учаскелер жергілікті уақыт бойынша 08:00-де ашылды, деп хабарлайды ТАСС.

Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Грузияда парламенттік сайлау аралас жүйе бойынша өткізіледі: 150 депутаттың 120-сы пропорционалды тізімдер бойынша, ал 30-ы мажоритарлы тізім бойынша сайланады.

Саяси шараға 48 партия мен екі блок қатысады. Жарыстың фавориті – «Грузин арманы - Демократиялық Грузия» билеуші партиясы. Дауыс беру күні 3 847 сайлау учаскесі жұмыс істейді, оның ішінде 52-сі республикадан тыс жерлерде.

Хабар 24 телеарнасы