423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та соңғы тәулікте коронавирусты 100 мыңнан аса адам жұқтырған

  • 145
  • UPD: 18:23, 31.10.2020

Соңғы бір тәулікте Америка Құрама Штаттарында коронавирусты жұқтырған 100 мыңнан аса адам анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – індет басталғалы әлем бойынша ең жоғары көрсеткіш. Әсіресе Мичиган, Солтүстік Каролина, Огайо, Пенсильвания және Висконсин штаттарындағы жағдай күрделі. Ауруханаларда орын жетіспей бастады. Жалпы қазан айында науқастар саны екі есе артқан.

Айта кетер жайт, АҚШ коронавирусты жұқтырған адамдар саны бойынша әлемде бірінші орында тұр. Індет басталғалы бұл ауруға 9 миллионнан астам тұрғын шалдыққан. Бұл – елдегі бүкіл халықтың шашамен 3 проценті. 230 мыңдай адам осы дерттен қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы